Қоғам • 28 Қараша, 2023

Бердіқұлов аудиториясы ашылды

153 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналис­тика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғам­мен байланыс кафедрасында қазақ спорт журналистикасы­ның негізін қалаған көрнекті қаламгер Сейдахмет Бердіқұлов­тың 90 жылдығына арналған «Қазіргі қазақ спорт журналис­тикасы және медиакоммуникация мәселелері» атты халықара­лық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында қаламгердің құрметіне спорт журналистерінің аудиториясы ашылды.

Бердіқұлов аудиториясы ашылды

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Аталған жиынның ашылу салтанатына Еуразия ұлт­тық уни­верситетінің ректоры, ҰҒА академигі, тарих ғылымдары­ның докторы Ерлан Сыды­қов, қоғам қайраткері Сауыт­бек Абдрахманов, ҰҒА ака­демигі Уәлихан Қали­жан, спорт жур­на­листикасы­ның ар­дагері Несіп Жүніс­байұлы, ҰҒА ака­де­мигі, танымал журналист Бауыржан Омарұлы, «Egemen Qazaqstan» газеті бас редак­торының орын­басары Талғат Батыр­хан, бел­гілі спорт журналисі Қы­дыр­­бек Рысбекұлы, профессор Се­рік Негимов, Altyn Qyran Foundation қоғам­дық қорының дирек­торы Ринат Кер­таев, QazSport телеарнасының дирек­торы Нағи Бақытбек, Қазақстан спорт жур­налистері федерациясының өкі­лі Ілияс Омаров, Сейдахмет Берді­құловтың жие­ні Мәди Әміржанов және Өзбекстан, Башқұртстан­нан келген ғалымдар қаты­сып, ­спорт журналистикасы тақырыбын­да баяндама жасады.

рвв

Жиынның кіріспе сөзінде ректор Ерлан Бәтташұлы қаламгер­дің шығар­ма­шылығы мен оның қазақ спорт журна­лис­тикасы­­ның қалыптасуына сіңірген еңбегі туралы айта келе, Бердіқұлов атын­дағы аудиторияның ашылуына қол­дау көрсеткен Altyn Qyran Foundation қоғамдық қорына, оның басшысы белгілі меценат Исламбек Салжановқа алғысын жеткізді.

Қазақ басылымдарында Сей­дағаңның ізін басқан белгілі қа­лам­герлер Уәлихан Қалижан, Сауытбек Абдрахманов және «Бер­діқұловтың бешпетінен шыққан» шәкірттері Несіп Жү­ніс­байұлы, Бауыр­­жан Ома­рұлы, Қыдырбек Рыс­бек­ұлы ұстаз­дың ұлағатты болмысы, редак­тор­­лық шеберлігі, қызмет жо­лы, өзінен кейінгілерге көр­сет­­кен жанашырлығы, ұйым­дастырушылық қабілеті мен шы­ғар­машылығы туралы айтты.

Қаламгердің төл шәкірті, бү­гінде қа­зақтың талай спорт жур­налистерінің жолбасшысына ай­нал­ған Несіп Жүнісбай­ұлы ұс­та­зымен бірге қызмет еткен жыл­­да­рын еске алды. «Бұл кісі та­қырып қою­дың үлкен шебері еді. Тақырып қоюда алдына жан салмайтын. Мақаланың тақырыбы нашар болса, қарамайтын. Бір күні «Лениншіл жаста» Шың­ғыс Айт­матов­пен кездесу болды. Келесі күні газеттің айқарма бетіне «Адамзаттың Айтматовы» деген дүние жарыққа шықты», деді Н.Жүнісбайұлы.

Кездесуде қаламгердің тағы бір шә­кірті, филология ғылым­да­рының док­торы, профессор Бауыр­жан Омарұлы да естелігін айтты. Ол ардақты ұста­зы­­ның он алты жыл «Лениншіл жас­ты» бас­­қарғанын, осынау кезеңде қазақ жур­­налистикасында екі мек­теп қалыптас­тырғанын, ал­ғаш­қысы жазу шеберлігінің мек­тебі болса, екіншісі қазақ спорт жур­налистерінің мектебі екенін атап өтті. «Бердіқұловтың сол қолымен жазылған соңғы бұйрықтары арқылы қызметке алынған біз шынында да шексіз бақытты едік», деді ғалым.

«Бердіқұловтың бешпетінен шыққан» тағы бір қаламгер, Ту­ризм және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орта­лығының директоры Қыдырбек Рысбекұлы ұстазы туралы «На­мыс сардары» деген баяндама жасады.

Жиында белгілі журналист Талғат Батыр­хан көпке үлгі бол­ған сайып­қыран Сейдағаңның сұңғыла қа­ламгер екені туралы сөз қозғады. Сонымен қа­тар әде­­биеттанушы Серік Неги­мов те Сей­дағаң туралы сыр шерт­ті. Бұ­дан кейін Туризм және спорт министрі Ермек Мар­жық­­паев­тың, Қазақстан футбол феде­рациясының президенті Әділет Бәрменқұловтың құт­тық­тау хат­тары оқылды. Пар­ла­мент Сена­тының депутаты, бел­гілі қа­лам­гер Нұртөре Жүсіп онлайн форматта Сейдағаңның қа­зақ журна­лис­тикасын дамытуға қос­қан ең­бегі туралы айтты.

«Заманауи медикоммуникация жүйе­сіндегі спорт журна­лис­­тикасы» және «Спорт­тағы ме­диа­­коммуникацияның да­муына цифр­лық технология­ның әсе­­рі» атты екі сек­ция­ға бө­лінген отырыста Берді­құ­лов­тың қазақ жур­налис­тика­сын­дағы еңбегі жан-жақты айтылды. Сонымен бірге С.Бердіқұлов­тың төл шәкірті, марқұм Дүрәлі Дүйсебайдың ағамыздың да спорт журналистикасына қос­қан үлесі туралы сөз етілгені қуантты. Конференция аясында ашыл­ған С.Берді­құлов атындағы аудитория бола­шақ спорт жур­на­листерін ­даярлайтын шеберхана болмақ.