Қоғам • 29 Қараша, 2023

Әрбір Қазақстан азаматына өтемақы төленеді - фейк ақпарат

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алаяқтар әлеуметтік желіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдалана отырып, тағы бір фейк таратып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әрбір Қазақстан азаматына өтемақы төленеді - фейк ақпарат

Stopfake.kz мәліметінше, Facebook-те ҚР Президентінің суретін жүктей отырып, алаяқтар жалған ақпарат таратуда. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алаяқтар әрбір Қазақстан азаматына әлеуметтік төлем төлеуді уәде етеді.

Фейк анық болуы үшін Қамыс-Жомарт Тоқаевтың суретін де жазбада пайдаланады. Алайда Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттарында, оның ішінде ҚР Президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлемдер туралы ресми ақпарат жоқ. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында да хабарланбады.

"Аталған ақпаратты жариялаған "Өтемақы орталығы" деп аталатын аккаунтта фейк парақшаның барлық белгілері байқалады. Профильде келтірілген мәліметтерде +52 коды бар байланыс телефоны жазылған, бұл Мексиканың коды. Ал суретке Қазақстанның елтаңбасы қойылған. Бірақ жарияланымдар лентасында оның орнында бұрын Беларусь Республикасының елтаңбасы болғанын көруге болады. Бұл киберқылмыскерлердің әрекеті", деп нақтылайды Stopfake.kz.

"Өтемақы орталығы" арқылы өтемақы төлеу – бұл ескі алаяқтық схема, ҚР мемлекеттік техникалық қызметінің KZ-CERT сарапшылары ол туралы 2020 жылы халыққа ескерткен болатын. Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн.