Футбол • 29 Қараша, 2023

Ертең «Астана» - «Динамо» Загреб матчы өтеді

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 қараша күні «Астана» футбол клубы өз алаңында хорватиялық «Динамо» Загребті қабылдайды. Конференция Лигасы аясындағы іріктеу турының матчы Астана уақытымен 21:30-да басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең «Астана» - «Динамо» Загреб матчы өтеді

«Астана» - «Динамо» (Загреб) матчын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

«Астана аренада» өтетін ойынға жанкүйерлер ыңғайлы жету үшін CTS көлік компаниясы  қалада қатынайтын бірқатар бағыттың жүру уақытын ұзартты. 

«Футбол жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін қалалық № 10, 12, 26, 37, 40, 49, 51, 53, 60 және 303 қала маңы бағдарларының жүру уақыты ұзартылады. Осылайша, жанкүйерлер ойын аяқталғаннан кейін межелі жерге кедергісіз жете алады», делінген компания хабарламасында. 

Айта кетейік, «Астана» - «Динамо» арасындағы алғашқы матч қыркүйек айында Загребте өткен болатын. Аталған ойында отандық клуб қарсыластарынан 5:1 есебімен жеңілген еді.