Білім • 30 Қараша, 2023

Елімізде мектептер 5 жыл сайын тексерістен өтеді

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жыл сайын апатты мектептер саны артып келеді. Осы олқылықты жою мақсатында бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша» заң жобасы талқыланып, қабылданды. Онда алғаш рет балалардың қауіпсізідігін қамтамасыз ету үшін салынғанына 30 жылдан асқан білім беру ұйымдарының авариялық жағдайы және сейсмикалық тұрақтылығын 5 жыл сайын тексеріп отыру міндеті қойылды, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде мектептер 5 жыл сайын тексерістен өтеді

Фото: aikyn.kz

«Білім беру және тәлімгерлік мәселелері туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов елімізде салынғанына 30-50 жыл, тіпті, 100 жылдан асқан мектептер бар екенін айтты.

«Бүгінде елімізде 442 ескі, 239 саманнан жасалған, 52-ден аса апатты жағдайдағы мектеп бар. Осы мектептерді тиісті мерзім сайын тексеріп отыру керек. Ата-ана баласын мектепке, балабақшаға жібергенде перзентіне қандай да бір қауіп төніп тұр деп ойланбауы тиіс. Заңнамада мектептердің апаттылығын тексеруді әкімдік 5 жыл сайын қамтамасыз ету талабы бекітілді. 30 жылдан асқан мектептер инвертизациядан өтеді, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай жылына 1000 мектеп жөндеуден өтіп жатыр, осы шара аясында бірінші кезекте осындай мектептер басшылыққа алыну керек», деді Асхат Аймағамбетов.

Ал, Оқу-ағарту министрлігі биыл түрлі қаражат көздері есебінен 22 мектептің құрылысы жоспарланып, 7 мектептің жобалық-сметалық құжаты дайындалғанын жеткізді.