Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа». Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарыққа шықты

708 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы жарыққа шықты. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа». Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарыққа шықты

Аталған кітапта Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы тағдыршешті оқиғалар, саяси шешімдер мен тарихи бастамалар туралы баяндайды.

Сонымен қатар, тұңғыш президент «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты еңбегінде жеке өмірі, отбасы және қаңтар оқиғасына қатысты да пікір білдіреді.

Н.Назарбаевтың жаңа кітабы «Алматы кітап» және «Меломан» кітап дүкендері желісінде сатылымға шықты.

Айта кетейік, кітап қазақ және орыс тілдерінде жазылған.