Футбол • 03 Желтоқсан, 2023

«Ливерпуль» Мбаппені сатып алудан бас тартты

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ливерпуль» футбол клубының басшылығы ПСЖ шабуылшысы Киллиан Мбаппені сатып алу туралы келісімшарттан бас тартты, деп жазады Egemen.kz.

«Ливерпуль» Мбаппені сатып алудан бас тартты

Бұл ақпаратты спорт журналисі Флориан Плеттенберг өзінің Х (Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, қазіргі уақытта француз футболшысына қызығушылық танытып отырған жалғыз еуропалық клуб - Мадридтік Реал.

Айта кетейік, К.Мбаппенің ПСЖ клубымен қазіргі келісім шарты келесі жылдың жазында аяқталады. Бұған дейін БАҚ-та корольдік клуб 2024 жылдың алғашқы айларында 24 жастағы футболшымен келісімшартқа отыруды қалайтыны туралы ақпарат пайда болды.