Технология • 05 Желтоқсан, 2023

Instagram-да бес жаңа функция пайда болды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Instagram қосымшасы желіні пайдалануды жеңілдету үшін қызметтік функцияларына жаңа 5 батырма қосты. Әлі көпшілік көріп үлгермеген функцияларды қолдануды yeldos.technoblog парақшасында түсіндіріп берді, деп жазады Egemen.kz.

Instagram-да бес жаңа функция пайда болды

Фото: ашық дереккөзден

Instagram қосымшасында пайда болған 5  жаңа функция:

1.Постты сториске репост жасаған кезде артына өзіңізге ұнайтын фон қою үшін «слой» батырмасы пайда болды;

2. Пост болып салынған фото, видеоның астындағы комментарийді стористе бөлісу функциясы;

3. Парақшаңызға пост салғанда сипаттамасында «Опрос» батырмасын пайдаланып, сауалнама жүргізе аласыз;

4. Досыңыздың карусель постына өзіңіздің фото-видеоңызды қоса аласыз. Ол үшін желідегі досыңыз «запрос» батырмасын қабылдаса жеткілікті;

5. Постыңыздың астында жазылған кез келген комментарийді сториске шығарып, бөлісе аласыз.

Видео авторы сіздің Instagram қосымшаңызда жаңа функциялар әлі пайда болмаса қосымшаны не телефон програмасына жаңарту процесін жүргізу керек деп кеңес береді.