Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023

Еліміздің индустриалдық дамуы маман дайындаудан басталады

2965 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Ғылым мен өндірістің маман дайындауда бірлесіп жұмыс істеуі - еліміздегі техникалық жоғары оқу орындарының алдында тұрған жоғары міндеттерінің бірі. 

Еліміздің индустриалдық дамуы маман дайындаудан басталады

Бұл ретте техникалық жоғары оқу орындарының алдында бәсекеге қабілетті әрі кең бейілді маманды, елдегі сұранысқа да, оның ішінде тек қазіргі заманауи ғылым мен технологиялардың деңгейіне сай келетін маманды ғана емес, техникалық бағыттағы халықаралық талаптарға сай  келетін білікті кадрларды дайындау сынды аса өзекті міндет тұрғанын айта кету керек. 

Техникалық мамандарға деген еңбек нарығындағы сұраныстың қарқынын ескере келе, сапалы білім берудегі жоғары талаптарды сақтап отырған Қазақстан-Британ техникалық университеті ел экономикасының индустриалдық дамуына қажетті мамандарды дайындауда Орталық Азиядағы көшбасшы жоғары оқу орны ретінде танылуда.

Ал студенттердің сапалы білім алуына, оларға қолайлы жағдай жасауға ҚБТУ басшылығы білім ордасы құрылған 2001 жылдан бері басымдық беріп келеді. Білім ордасының басшысы Маратбек Габдуллиннің айтуынша, университет орналасқан бұрынғы Үкімет үйінде 1957 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген.   2001 жылы  тарихи ғимараттың сол кездегі жағдайы шұғыл  жөндеуді қажет еткен.  Ал бұл міндет ҚБТУ-дың химия зертханасының ғалымдарын  бетонға қарағанда мықты әрі арзан бірегей полимер өнімін әзірлеп шығуға септігін тигізген.  Кейіннен ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары кезінде бұл материалды баспалдақтарды, қабырғаларды, еденді жөндеуге қолданылған.

«Университет  тарихи ғимаратта орналасқан, дәл осы ғимаратта 32 жыл бұрын  Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы декларацияға, бірінші Конституцияға  қол қойылған, сондықтан еліміздің әр азаматы үшін бұл ғимараттың тарихи маңызы зор, ал оның тарихи келбетін сақтау Университеттің басты міндеті. 2018 жылдан бері  ғимараттың тарихи келбетін өзгертпей,  қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге 2 млрд теңге қаражат бөлінген болатын. Одан бөлек, жоғары оқу орнының құрылтайшылары  студенттерге арнап 980 орындық жатахана салуға қосымша 7 млрд теңге қаражат бөлінді.  Бұл жаңа жатақхана алдағы 2024 жылдың қаңтарында қолданысқа беріледі», дейді университет ректоры Маратбек Габдуллин.

Айта кетейік, ҚБТУ білікті мамандарды дайындау және қайта даярлауда заманауи зертханалар құрып, өнеркәсіптік компаниялармен ынтымақтастық орната білген.  Осылайша студенттер Schlumberger сынды мұнай-газ саласындағы жетекші компаниялармен серіктестік орнатып, модельдеу, кәсіпорындарды басқару, сандық егіздер мен SMART Field жүйелерін құрудың қыр-сырын меңгереді.

д

Университетте озық инновациялық білім бағдарламаларын қолдануы, оның экономиканың сұранысына қарай бағытталуы оқу орнындағы білім сапасының артуына септігін тигізгені сөзсіз.

Білім ордасы құрылғаннан бергі 22 жылда университетті біліктілігі жоғары 6,5 мың маман тәмамдап шыққан, ал оның 80% техникалық мамандық иелері.

л

Қазақстанда техникалық мамандарды дайындаудың маңыздылығына ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында аса мән берген болатын.

«Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезілуде. Әсіресе, техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейді. Сондықтан осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн», деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2010 жылдан бері кезең-кезеңмен қолға алынып келе жатқан елміздің индустриалды-инновациялық даму саясаты өнімділігі жоғары әрі экспортқа бағытталған қайта өңдеу өнеркәсібін құруға бағытталған. Бұл ретте, Қазақстан-Британ техникалық университетіндегі білім беру бағдарламалары ел экономикасындағы сұранысты ескере отырып  техникалық бағыттағы мамандарды дайындауға бағытталған.

д

Қазақстан-Британ техникалық университетінің құрылымына он мектеп (2022 жылға дейін факультеттер – ред.) кіреді, соның ішінде алғашқы құрылғандарының бірі  - Энергетика және мұнай-газ индустриясы мектебі. Баламалы энергия көздеріне көшу бағдарламасы шеңберінде ҚБТУ БҰҰ сарапшыларымен бірлесе отырып Жасыл технологиялар және жаңартылатын энергия көздері – ЖЭК саласында мамандар дайындауда.

Университет студенттері мен оқытушыларының зерттеу қызметіне етене араласуының маңызы зор. ҚБТУ зертханаларында жаңа бірегей технологиялар, оның ішінде жаңа материалдар өндіруге қажетті технологиялар пысықталуда. Зертхананың жетекшісі Асанәлі Сұлтанов күн батареяларына арналған фотоэлементтерді өндіру технологиясы туралы айта келе, университеттің жас ғалымдары әзірлеген күн фотоэлементтерінің өндірісінде қауіпті және жарылғыш заттарды қолдануды қажет етпейтінін атап өтті.

«Біз төрт бағытта жұмыс істейміз – жел энергетикасы, күн энергетикасы, жұқа пленкаларды синтездеу және зерттеу, сондай-ақ иондық үдеткішті әзірлеу. Біздің жобамыздың басты айырмашылығы – улы, жарылғыш газдарды қолдануды қажет етпейтін жабын мен күн панельдерін өндіру технологиясына негізделуінде. Біздің зертханада күн батареяларын өндіру үшін қолданылатын кремний пленкаларын жасауға арналған нано ерітіндінің өзіндік формуласы ойлап табылды», дейді жас ғалым.

д

Университет қабырғасында әзірленіп, дайындалған күн электр стансасы бірнеше жылдан бері Алматыдағы «Алатау» ИТП АЭА аумағында энергия өндіруге қолданылуда. ҚБТУ жас ғалымдары мен студенттері жасап, университеттің кіреберісінде орнатылған күн фотоэлементтері бар ағаш ғимаратқа сән беріп қана қоймай, күн электр стансасының қызметін де қоса атқарып, Алматы тұрғындары мен қонақтарына электронды гаджеттерді қуаттап алуға мүмкіндік беруде.

д

IT-мамандарды даярлау – әлемдегі жаһандық трендтерге сәйкес, ҚБТУ-дағы білім берудің маңызды бағыттарының біріне айналды. Университетке түсетін талапкерлердің шамамен 45% -ы мамандық алу үшін ақпараттық технологиялар және инженерия мектебін таңдайды. Робот-манипулятордың жасанды интеллект технологияларымен интеграциясы білім ордасының студенті Расул Төлеңгітов пен оның курстастары үшін ең қызықты жобаға айналған.

«Біздің жобамыз роботтың жұмыс үдерісіне жасанды интеллект қолданылатын технологияларды енгізуге мүмкіндік берді, бұл нейрондық желі арқылы ұсынылатын технологияларды іс жүзінде жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар біз бұл роботты 3D принтер ретінде пайдалана алдық», деді өз жобасын таныстырған ҚБТУ студенті.

Бүгінде Қазақстан-Британ техникалық университеті – Орталық Азиядағы үш білім беру бағдарламасы ABET – Accreditation Board for Engineering and Technology беделді халықаралық аккредитациясын иеленген жалғыз жоғары оқу орны.

ж

Техникалық мамандықтар бойынша ABET аккредиттеуден өткен білім беру бағдарламалары, ең алдымен, бүкіл әлемде өнеркәсіптік индустрия саласында қосымша қайта дайындауды қажет етпестен жұмыс істеуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Университеттің білім беру сапасы жоғары екендігін ҚБТУ түлектері жұмыс істейтін жетекші отандық компаниялардан келіп түсетін пікірлер де растап отыр. Ал бұл дегеніміз - еңбек нарығында университет түлектеріне деген сұраныстың жоғары екендігінің дәлелі.

ж

Университет түлектерінің 98%-ының жұмысқа орналасуы – мамандарды  дайындау деңгейінің жоғары көрсеткіштерінің бірі  және бұл Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азия өңіріндегі, сондай-ақ ТМД елдерінің аумағындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

ж

Университет студенттерінің басым бөлігі білім ордасын тәмамдап, диплом алғаннан кейін жұмыс табу қиындығын емес, қай ұсынысты таңдаймын деген ойды салмақтап жататыны рас. Болашақ инженер Кристина Маликова айтқандай, өздеріне қажет мамандарды таңдауды болашақ жұмыс берушілер әсіресе соңғы курстарда белсенділік танытып жатады.

о

Әлемнің жетекші университеттерімен байланысты дамытудың және оқытудың озық стандарттарын енгізудің арқасында университеттегі білім беру бағдарламаларының басымы халықаралық аккредитацияларға ие болған, бұл ҚБТУ-ға Affiliate Centre University of London мәртебесін алуға және түлектерге Қазақстан дипломын қоса Лондон университетінің дипломын иелену құқығын беріп отыр.

Техникалық білім беру саласындағы көшбасшы білім ордасы мәртебесіне үнемі сай болу үшін Қазақстан-Британ техникалық университеті халықаралық академиялық рейтингтерге, атап айтқанда QS жаһандық рейтингіне қатысып, осы бағыттағы жұмысын  тұрақты жалғастыруда. Осы жылдар ішінде ҚБТУ Қазақстанның үздік бес университетінің және Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның үздік университеттерінің қатарынан танылған. ҚБТУ білім беру бағдарламалары ABET, ACBSP, IQAA, CIMA, ACCA және CFA аккредитацияларының арқасында халықаралық деңгейде сай білім ордасы.

л

2012 жылы ҚБТУ жанындағы Қазақстандық теңіз академиясының – ҚТА-ның ашылуы университеттің білім беру құрылымын дамыту бағыттарының бірі. Ол халықаралық деңгейдегі кәсіби теңізшілерді дайындайтын Қазақстандағы жалғыз оқу орны болып табылады.

Теңіз академиясында оқыту бағдарламасы, ҚБТУ-дың басқа мектептеріндегідей, тек қазақстандықтарға ғана емес, шетел азаматтарына арналған және дәріс ағылшын тілінде жүргізіледі. ҚБТУ теңіз академиясының кадеттері оқу-дайындық барысында әлемдік деңгейдегі ең заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланады және халықаралық талаптарға сәйкес теориялық білімдерін жыл бойы теңіз толқындарында шыңдай отырып, міндетті түрде тәжірибелік курстардан өтеді.

д

Қазіргі заманда университет білім беру үдерісінің бағыттарының бірі ретінде ел мен аймақтың дамуын қамтамасыз етуде маңызды қызмет атқарады. Сонымен қатар университет қабырғасында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмысы, оның қолданбалы маңызы және бизнес құрылымдармен инновациялық тізбектерге бірігуі мұның барлығы инновацияларды енгізудің тетігі болып табылары сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, онсыз ел экономикасындағы түрлі салалардың дамуын елестету мүмкін емес.  

Қоғам мен ғылым арасында, Қазақстан мен әлемнің өзге елдері арасында бизнес пен технологияларды қолданып,  білімнің алтын көпірін салу – Қазақстан-Британ техникалық университетінің Даму стратегиясындағы басымдық берілген бағыт.