фото: naryk.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Заңға сәйкес 2024 жылдың айлық есептік көрсеткіші, ең төменгі жалақы мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері бекітілді.
Аталған заңның 9-бабында еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі туралы айтылады. Яғни, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы өзгереді.
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
Айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге;
Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін өмір сүру минимумы 43 407 теңгені құрайды.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды.