Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023

Ономастика көшбасшысы

268 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақ ономастикасының көшбасшысы, танымал тілші-ғалым Телқожа Жанұзақ жеке кітапханасын Л.Н.Гумилев атындағы Еура­­зия ұлттық университетіне тарту етті. Осы мерейлі істің қар­­са­ңын­да «Отырар» кітапханасында «Телқожа Жан­ұзақ атындағы Ономастикалық қордың» тұсаукесер рәсімі өтті.

Ономастика көшбасшысы

Тіл біліміне ғұмырын арнаған ака­демик өмір бойы жинаған, рухани серігі болған кітап­тарын университетке тегін сый­­лады. Кітаптар арасында тіл білімі бойынша кеңес ода­ғы ке­зінде және Тәуелсіздік жыл­да­рында жа­рық көрген құн­ды ең­бек­тер бар. Соның ішін­де ономас­ти­ка бағы­тын­дағы ізденіс­тер­дің сәулелі ізі жатыр. Қазақ, қыр­­ғыз, өзбек, татар, башқұрт, әзер­­байжан, саха, алтай, орыс, украин, белорус ғалым­да­рының еңбе­к­­тері, ғылыми дис­сер­та­ция­ла­рының автореферат­тары да жинақ­­талған.

ии

– Әр ғалым өзінің қызмет бабында, зерттеу барысында кітаптар жинай­ды. Ғылым бойынша жинаған еңбектерім бір қауым болған екен. 70 жыл пайдаланған кітаптарымды сыйға тарттым. Бұл кітаптарды үйде сақтаудан гөрі, кейінгі жастардың оқығаны дұрыс шығар деген ниетім болды. Ономастика ғалымдары ғана емес, басқа саланың мамандары да кәдеге жаратса, мен үшін ерекше қуаныш, – деді Телқожа Жанұзақ.

Ғалымның зерттеулері қазақ ономастикасының антропонимика саласынан бастау алған. Акаде­мик І.Кеңес­баевтың қолдауымен 1953 жыл­дың желтоқсанында 2 том­дық «Қазақ тілінің түсіндірме сөз­ді­гін» жасау үшін Қазақстан Ғылым акаде­миясы жанындағы Тіл және әде­биет институтының аты­нан Ленин­градқа барады. Жас ғалым белгілі түркітанушы С.Маловпен тілдесіп, ақыл-кеңес алады. Сол жолы ғалым «Қазақ тіліндегі кісі есімдері» де­ген тақырыпты ұсынып, «қазақ есім­дері» тақырыбы арнайы зерттеу нысанына айналған. Оно­мас­тик ғалым өзіне дейінгі пікірлер мен мақалаларды негізге ала отырып, кісі есімдерінің арнайы классификациясын жасаған. Телқожа Сей­дінұлы кісі есімдерін зерттеу­мен ғана шектелмей, топонимика, космонимика, т.б. бағыттарға шам­­­­шы­­рақ жаққан. Біртұтас қазақ оно­­мас­тикасының негізін қала­ды­­ деп ауыз толтырып айтуға бол­а­ды.

– Бүгін елордамыз үшін, Еура­зия­ ұлттық университетіміз үшін ерек­ше күн. Тіл білімінің, ономас­ти­ка саласының абызы Телқожа аға­мыздың атындағы қор мен ғалым мектебі университетте­ ашылғалы тұр. Ономастика ғылым ретінде қашан­да өмір сүре береді. Себебі бізде бұрмаланған, дүдәмал атаулар өте көп. Тіпті этимология­сы анық­талмай жатқан жерлер де бар. Осы орталық аталған мәселелерді дұрыс жолға салады деп ойлай­мын. Үлкен мерей­тойы қар­са­ңын­да Тел­қожа­ ағамыз 5 томдық еңбегін шы­­ғар­ды. Сол еңбекпен таныса отырып ағамызға риза болдым. Бірінші­ден, өте құнттап жаз­ған. Екіншіден, шәкірттеріне көп дүние­ні­ үйретіп отыр, – деді академик Дихан Қамзабекұлы.

Т.Жанұзақ қазақ-түркі оно­мас­­­тикасы бойынша кәсіби мамандар даярлауға да бел шеше кіріс­ті. Қырғызстан, Өзбек­стан, Әзер­бай­жан, Түрік­мен­стан, Татар, Башқұрт, Тува, Бурят, Хакас, Тау­­лы­ Алтай рес­пуб­­­ликаларынан келген ізде­ну­­ші­лердің бетінен қаққан емес. Е.Бегматов (Өзбекстан), Ш.Жапа­ров (Қырғызстан). Г.Әлиев (Әзербайжан), А.Ка­ма­­лов (Башқұртстан), Г.Сат­та­ров (Татарстан) секілді ғалым­дар­дың докторлық диссертация­ла­ры­на кеңес­шілік етті. ТМД ел­де­рі­нен 6 ғылым докторы, 21 ғы­лым канди­да­тының ғылыми дис­сер­та­ция­лық жұмысына ресми оппо­нент болып, тиісті бағасын берген.

Мерейлі іс-шараға ғалым­дар­­­дың арасында Серік Неги­­мов, Әділ Ахмет, Кәрім­бек Құр­ман­әлиев, Шеру­бай Құрман­байұлы сынды белгілі академиктер, профессорлар қатысты. Бұл бас­­тамаға Серік Неги­мов:­ «97 жас­тағы абыз ағамыз елор­да­ға рухани қазынасын сыйлады. Университетке мынан­дай бай­лықтың келуі – үлкен бақыт», деп пікір білдірді.