Спорт • 09 Желтоқсан, 2023

Михаил Шайдоров халықаралық жарыста күміс жүлдеге қол жеткізді

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хорватияның Загреб қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан спортшысы Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

Михаил Шайдоров халықаралық жарыста күміс жүлдеге қол жеткізді

Фото: Qazsporttv

Golden Spin турнирінде қысқа және еркін бағдарламадан 235.29 ұпай жинаған отандасымыз жеңіс тұғырының екінші орын сатысынан көрінді.

Бірінші орын алған қытайлық Цзинь Боян (258.67) болса, үшінші орынды 224.24 ұпай жинаған эстониялық Александр Селевко еншіледі.