Елорда • 10 Желтоқсан, 2023

Астана маңына қатынайтын 12 автобус қозғалысын тоқтатты

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аязға байланысты Астана қаласы маңына қатынайтын 12 автобус рейстен алынды, деп хабарлайды  Egemen.kz «City Transportation Systems» компаниясына сілтеме жасап.

Астана маңына қатынайтын 12 автобус қозғалысын тоқтатты

«10 желтоқсан, сағат 05.00-ге өзекті ақпарат. Ауа райының нашарлауынан (температураның төмендеуі) қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда.

Қоғамдық көлік қозғалысы туралы өзгерістерді @cts_kz парақшаларынан білуге болады», делінген компания мәліметінде.