Ауа райы • 11 Желтоқсан, 2023

Синоптиктер аяз қашан басылатынын айтты

18825 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа апта аязды ауа райымен басталды. Мұндай ауа температурасы алдағы үш күнде Қазақстаның бірнеше облысында сақталады. Десе де, сары аяздың салқыны 14 желтоқсаннан бастап бәсеңдейді, деп жазады Egemen.kz.

Синоптиктер аяз қашан басылатынын айтты

Синоптиктердің мәліметінше, 12-13 желтоқсан күндері атмосферада фронтальды ауа массасы өтетіндіктен еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. Ал 12 желтоқсан күні таулы аймақтарға қалың қар түседі.

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жел күшейіп, таулы аймақтарда тұман болады.

«12-13 желтоқсанда түнде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта 25-38 градус аяз, солтүстікте 30-38 градус аяз, елдің қиыр солтүстігінде және солтүстік-батысында 40-44 градус аяз, республиканың шығысында 20-38 градус аяз, 14 желтоқсанда 32-38, жекелеген аудандарда 40-42 градус аязға дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы 25-30-ға дейін,  таулы аудандарда 33-38 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр. 

14 желтоқсаннан бастап Арктикалық антициклон солтүстік-шығыс бағытқа ығыса бастайды.  Антициклонның ығысуына байланысты 14 желтоқсаннан кейін ауа температурасы салыстырмалы түрде жылынып, түнгі уақытта аяз төмендейді. Батыста 5-16 аязға дейін, солтүстік-батыста 15-35 градусқа дейін аяз, солтүстікте 25-38 градусқа дейін аяз болады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.