![Мәскеудегі сауда орталығында Өзбекстан азаматы серігін пышақтады](/media/2023/12/11/crop-11_9_542x1157_7f6241ef-64d5-4d9b-aa97-a22a404e54a5.webp)
Фото: видеодан скрин
Оқиға 10 желтоқсан күні болған. Олардың жанжалына Өзбекстан азаматының дәріханадан дәрі-дәрмек ұрлап шыққаны себеп болған. Дәріхана қожайыны күзетшіні жұмысын жауапты орындамадың деп айыптаған.
Айқай-шу, төбелеске ұласып, Мәскеудегі мигрант пышақпен серігінің ішін жаралаған. Қазір жарақат алған азамат емханада. Қылмыс жасады деген күдікті азамат қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған.