Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2023

Танымал әншілер колонияда концерт берді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ эстрадасының әйгілі әншілері Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №12 мекемесінде концерт беріп, сотталғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Танымал әншілер колонияда концерт берді

Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан мекемеге Әбдіжаппар Әлқожа, Шыңғыс Құралбаев және Саидалим Тохтохунов сынды әншілер шақырылып, сотталғандарға концерт берді. Олар ел арасында кең танылған әндерін шырқап, жазасын өтеушілерге отбасымен аман-есен қауышуын тіледі.

Іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.

«Іс-шара Жол картасын жүзеге асырумен сотталғандарға тәрбиелеу және әлеуметтік қарым қатынасты арттыру үшін жүзеге асырылды. Өз кезегінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар қонақтарды мерекелік көңіл күймен қарсы алып, өз алғыстарын білдірді», деді ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.


 

Соңғы жаңалықтар

Тыл ардагеріне құрмет көрсетті

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:30

Шымкентте сакура гүлдеді

Шымкент • Бүгін, 08:25

Ертіске кеме түседі

Аймақтар • Бүгін, 08:20

ChatGPT шығынға батырады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Вокзалды жаңарту басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Толстойдың хаты

Мың бір мысал • Бүгін, 08:10