Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023

11 облыс аумағындағы 65 жол учаскесінде қозғалыс шектеледі

183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

12 желтоқсан 18:00 сағаттағы ахуалға сәйкес ауа температурасының төмендеуі, боран, жолдың көрінбей қалуына байланысты 11 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 65 учаскесінде шектеулер қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

11 облыс аумағындағы 65 жол учаскесінде қозғалыс шектеледі

Фото: QazAvtoJol

Ақмола облысында – 20 учаске. Барлық бағыттар бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Ақтөбе облысында – 1 учаске «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Костанай» 0-234 км, Қарабұтақ а.-Қостанай обл. шек.

Алматы облысында – 4 учаске.

Жетісу облысында – 1 учаске «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.; (барлық автокөліктер үшін)

Жамбыл облысында – 6 учаске. Барлық бағыттар бойынша (дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Қарағанды облысында – 7 учаске. Барлық бағыттар бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Қостанай облысында – 7 учаске (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Маңғыстау облысында – 2 учаске (барлық автокөліктер үшін)

Павлодар облысында – 2 учаске (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Солтүстік Қазақстан облысында – 14 учаске (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Түркістан облысында – 1 учаске. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Жамбыл обл. шек.-Машат а. (жүк автокөліктері үшін)

Ұлытау облысында – 1 учаске. «Қызылорда-Павлодар» 756-788 км, Жаңаарқа а.- Қарағанды обл.шек. (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 451 бірлік техника мен 907 қызметкер жұмылдырылған. Шамамен 1108 м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсалды. Шектеулер барлық автожол желілерінің 9527,085 км немесе 38,35% қолданылып жатыр.