© AP Photo / Kathy Willens
Pantone пікірінше, келер жылдың басты түсі болғалы тұрған шабдалы реңкі ішкі тыныштықты сақтай отыра, әлеуметтік қоғаммен терең байланыс ұғымын аңғартып тұрмақ.
Компания таңдауын Pantone бас директоры Леатрис Эйсман:
«Біз қақтығысқа толы ғасырда, қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Өміріміздің көп тұсында күйзеліске жиі еніп кетеміз. Жанашырлық, қамқорлық көп қажет. «Шабдалы мамығы» түсі осындай сезімдерді сезінуге мүмкіндік береді, деп түсіндірді.
Шабдалы реңкі түсі бейнелі түрде артық 1-2 кг салмақ қосқанмен, адамның сын-сымбатын жинақы, түр-тұлғасын айқын етіп көрсетеді.
Аталған компания әр жылдың үздік түсін 25 жылдан бері таңдап келеді.
Айта кетейік, 2023 жылдың бас түсі деп ашық қызғылт реңк (ярко малиновый, Viva Magenta) таңдалған еді.