Парламент • 14 Желтоқсан, 2023

Депутат: Үкіметтің жылу маусымына ұзақ мерзімді жоспары бар ма?

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақ жол» партиясы фракциясы атынан Ерлан Барлыбаев Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Р.Склярға жылу мәселесі жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат: Үкіметтің жылу маусымына ұзақ мерзімді жоспары бар ма?

Фото: Видеоскрин

Депутаттың айтуынша, өткен жылыту маусымындағы апаттарды ескере отырып, партия былтыр 30 қарашада және 21 желтоқсанда, сондай-ақ, биыл 18 қаңтарда Үкіметке апаттардың салдарын жойып, болашақта қайталанбауының алдын алу мәселелерін көтеріп депутаттық сауал жолдаған. Одан бөлек, жаңа маусымға дайындық кезеңінде биыл 15 мамырда, 14 маусымда, 4 қазанда жолдаған сауалдарында да аталған мәселені тағы көтерген.

«Мемлекеттік органдардың сауалдарына берген жауаптары көңілге қонымды болғанымен, өкінішке қарай, енді ғана басталған аяз көтеріңкі көңілді су сепкендей басты. Енді, міне, бүкіл ел жылу беру маусымын үрейлене бастан өткеріп отыр. Қазіргі жағдайда биылғы маусымдағы оқиғалардың қалай өрбитінін болжау қиын екенін түсінеміз. Үкіметте жылу-энергетика саласындағы қордаланып қалған мәселелерді кешенді түрде шешудің ұзақ мерзімді жоспарлары бар ма? Бар болса жоспарлардың қандай екенін хабарлауды сұраймыз. «Ақ жол» фракциясының бұған дейінгі сауалдарында да бұл сұрақ дәл осылай қойылған еді, енді белгілі болғандай, сол сауалдарымызға сенімсіз жауаптар алып келіппіз», деді депутат Ерлан Барлыбаев.