Пікір • 15 Желтоқсан, 2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес

498 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық қана емес, ол – мемлекет беделіне деген халықтың сеніміне селкеу түсіретін және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін жағымсыз әлеуметтік құбылыс. Жемқорлық жойылмай, ешбір ел табысты дами алмайды. Сол себепті әлемнің барлық мемлекеттері жұлынқұрт секілді бұл қоғамдық індетке қатты алаңдаушылық білдіріп отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес

Тәуелсіз Қазақстан өзінің стра­те­гиялық дамуының негізгі басым­дық­тарының бірі ретінде ынсапсыз алаяқ­тар­ды аластап, қоғамды жат то­ғышар әдеттен тазарту міндетін қарас­ты­рып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Сыбайлас жемқор­лық­тың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайта­лан­­байтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек», – деп атап көрсетті.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер етіп, әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық даму үдерісін баяулатады, сайып кел­генде, елдің даму болашағына үлкен қауіп төндіреді.

Көк байрағымыз күн сөнгенше желбіресін десек, ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы арман еткен асыл мұ­ратын мансұқтауға, қызыл қаны мен қара тері қатар сіңген аманатын аяқасты қылуға жол беруге болмайды. Адалдық дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру қажет. Мұны киелі Атырау жұртшылығы жақсы түсінеді. Ең бірінші кезекте, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын жүзеге асыру ба­ғы­тында сыбайлас жем­қорлықтың алғы­шарттарын жою, оны туындататын себептер мен жағдайларды болдырмау және дең­гейін төмендетуге кө­мек­те­се­тін іс-шара­лар кешені жасақ­тал­ды.

Облыс бойынша сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл жұмыстары 2021 жылы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы ая­сында жүзеге асырылып келген еді. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен Стра­тегияның күші жойылып, Қазақ­стан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырым­да­масы бекітілді. Сөйтіп, 2022 жылдан бастап Жобалық басқарудың үлгілік базалық бағытының «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» төртінші блогі бойынша жобалар картасы және әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бүгін таңда осы құжат негізінде жүзеге асырылуда.

Бұдан бөлек, өткен жылдың 23 қарашасында «Аmanat» партиясының облыстық филиалымен бірлесе отырып, өңір бойынша мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру бағытындағы 2022-2023 жылдарға арналған жоспарды бекіттік.

Басты мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тас­тыру және мейлінше алдын алу.

Мемлекеттік саясаттың негізгі ба­сым­дықтарының бірі мемлекет беде­­ліне нұқсан келтіретін зұлым­дық­пен ымырасыз күресу болып табылады. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, бұл дерттің одан әрі асқынбауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады.

«Ауырып ем іздегенше, ауыр­мау­дың жолын ізде» демекші, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен пәрменді күресу жолында, сөз жоқ, тұрғындар арасында ақпараттық-құқықтық түсіндіру, жалпы құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу маңызды рөл атқа­рады. Әрбір азамат өзінің құқық­та­рын меңгеріп қана қоймай, өзіне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда нақты не істеу керектігін толық білуі қажет. Бұл орайда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуде ағартушылық, білім беру, тәрбие жұмыстарымен бірге, жаңа орта қалыптастыру да өз үлесін қоса алады.

Әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыздық көзқарасты қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары жүзеге асып жатыр.

Жағдайды мейлінше ашып көрсету үшін ара-арасында нақты деректерге де жүгіне кеткен дұрыс секілді. Мысалы, бір ғана 2021-2023 жылдары сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын алу бойынша барлығы 3 552 іс-шара өтті.

Облыста жалпы мемлекеттік әлеу­мет­тік тапсырыс сомасының кемін­де бес пайызын сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне бөлу мәселесі жыл сайын оң шешімін тауып отыр. 2021 жылы 3 жоба жүзеге асырылса, былтыр 2 жоба, биыл 9 жоба іске қосылды.

Облыстағы іс-шаралар Қазақстан Рес­пуб­ликасының Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агентті­гінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Әділет депар­таменті, «Аmanat» партиясы Аты­рау облыстық филиалы, «Ата­мекен», үкіметтік емес ұйымдар, бұқара­лық ақ­парат құралдары, қоғам белсен­ді­ле­рімен бірлесіп атқарылуда.

Атырау облысы, қала және аудандар әкімдіктеріне бағынысты мемлекеттік органдарда және оларға қарасты ұйым­дар­да сыбайлас жемқорлық тәуе­кел­деріне 2021 жылы барлығы 169, 2022 жылы – 172, ағымдағы жылы – 118 ішкі талдау жүргізілді, көрсетілген мерзім ішінде 419 тәуекелдің 396-ы жойылды, 23 тәуекел жою бойынша шаралар қабылдануда.

Атырау облыстық, қалалық, аудан­дық әкімдіктері жанында Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы кү­рес жөнін­дегі өңірлік комиссиясы консультативтік-кеңесші органдары жұмыс жасайды. Тек биылдың өзінде 27 отырыста 62 мәселе қарап, 117 ұсыным берсе, оның 77-сі орындалып, 40-ы орындалу үстінде.

«АнтикорЛайф», «АдалКөмек», «Адалдық алаңы», «Халық заңгері», «Адалдық сағаты», «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Адалдық дүкені», «Парасат жолы» жобалары сәтті іске асы­рылып жатыр.

Жоғарыда айтқанымыздай, әлемді әбі­­герге салған бұл індетпен күресте құ­­­қықтық сауаттылықты арттыру мей­­­лінше оң әсерін тигізеді. Өйткені жағ­­­дайдан хабардар, сауатты адам өз құ­қығын ешкімге таптатпайды. Әрі заң үс­темдігін сыйлайтын, қолданыстағы заңнама баптарымен етене таныс тұр­ғын­дар өз мәселесін, әуелгі кезекте, құқықтық шеңберде шешуге мүдделі болады. Мұндайда азаматтар жең ұшы­нан жалғасудан саналы түрде бас тартып, аранын ашқан жемқорлықты айналып өтуге тырысады.

Сондықтан азаматтардың құқық­тық сауатын көтеру үшін заң бапта­рын түсіндіру мақсатында жұмыс ретін көрсету бойынша үнемі жиын, бас­қосулар өткізіп, бұқаралық ақпарат құ­ралдарында танымдық материалдарды үздіксіз жариялап тұру назардан тыс қалып көрген емес.

Соның ішінде, мемлекеттік қызмет­шілер арасында мемлекеттік қыз­мет саласындағы және сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл туралы Заңы мен Әдеп кодексі талаптарын бұзудың алдын алу бойынша құқықтық оқыту, түсіндірме жұмыстары үнемі өткізіліп тұрады.

Облыс көлемінде 148 мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қар­сы тақырыптар бойынша біліктілік арттыру оқуларынан өтті.

Жемқорлық факторларды азайтып, сыбайластық қатерлерді болдырмауда жұмыстың ашықтығы ерекше маңызды. Жеке және заңды тұлғалардың құқық­та­ры мен бостандықтарын, заңды мүд­делерін іске асыру және қорғау мақ­­са­тында лауазымды тұлғалар (әкім, оның орынбасары, басқармалар, бөлім­дер басшылығының) азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында алдын ала жарияланады.

Қоғамда жемқорлықты рухани этика­лық деңгейде қабылдамау ахуалын қа­лып­тастыруда үгіт-насихат жұмыс­та­рымен бірге, жаңа технология­лар да қыз­мет жасайды.

Осы орайда облыс, қала және аудан­дарда, ауылдық округтерде сер­вистік әкімдіктер қызмет етуде. Со­нымен қатар мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар фронт-офис және «OpenSpace» форматында қызмет атқарады.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрлы форматқа көшіру және мемлекеттік қызметтерді көрсету мер­зім­дерін қысқарту мақсатында Элек­трон­ды қызметтер мен сервистер порталы eatyrau.kz іске қосылды. Портал арқылы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы түрлі қыз­меттер көрсетіледі.

Жалпы жергілікті атқарушы орган­дар­дың мемлекеттік көрсетілетін қыз­мет­­терінің 91%-ы электронды нысанға көші­ріліп, «электрондық үкімет» веб-порталы, Eаtyrau.kz порталы, «Е-лицен­­­зиялау», kezekte.kz, gosagro.kz, gosreestr.kz, otbasybank.kz, e-собез, enbek.kz, INDIGO, ЕАСУ, Damumed және тағы басқа ақпараттық жүйелер іске қосылды.

Кішкентай ғана бір мысал, сыбайлас жемқорлық тәуекелі жиі туындайтын мәселенің бірі – балабақшаларға жолдама беру толықтай бірыңғай автоматты электронды жүйеге ауыстырылды.

Сайып келгенде, бұл қадамдар адам факторын азайтуға жол ашады.

Тұрғындарға көрсетілетін қызмет жаңа сапалы деңгейге көтеріледі.

Бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау мақсатында «Ашық бюджет» порталында облыстың жер­гілікті атқарушы органдарының бюд­жеті туралы ақпарат толық көлемде тұ­рақ­ты түрде жарық көреді.

Барлық 308 квазимемлекеттік сектор субъектісі мен өңір мекемелерінде комплаенс-қызметі құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әре­кет бағытындағы шаралар бұқара­лық ақпарат құралдарында, әлеумет­тік желі­лер­де және мемлекеттік органдар­дың ресми интернет ресурстарында үне­мі жарияланады.

Азаматтардың сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы мәдениеті мен тұрақты им­му­нитетін қалыптастыру өте ма­ңызды. Әлбетте, осы қабылданып жатқан шаралар мен атқарылып жатқан істер облыс тұрғындары үшін өмір сүруге қолайлы, адалдыққа негізделген сауатты да салауатты орта қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді.

Жаңару мен жаңғыру жолындағы Жаңа Қазақстанның сыбайлас жемқор­лық­тан таза, болашағы жарқын ел болуы әрқайсысымыздың өз қолымызда екенін естен шығармауымыз керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес – баянды болашақтың жарқын кепілі. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі пәрменді де қарқынды түрде жалғас­ты­ра беретін боламыз.

 

Серік Шәпкенов,

Атырау облысының әкімі