Елорда • 15 Желтоқсан, 2023

Бірнеше баланы құтқарып қалған учаскелік инспектор үздік атанды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада үздік учаскелік инспектор анықталды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше баланы құтқарып қалған учаскелік инспектор үздік атанды

Фото: gov.kz

Көптеген адамдарды қауіптен құтқарып жүрген учаскелік қызметкерлердің жұмысы күрделі, жауапты әрі маңызды екенін атап өткен қала әкімі елорданың үздік учаскелік инспекторын анықтайтын конкурста аталған атаққа Асқар Папышев ие болғанын жазды.

Белгілі болғандай, Асқар Папышев биыл бірнеше баланың және әйел адамның 9-қабаттан құлап кетуіне жол бермей, үлкен қауіптен құтқарып қалған, аталған әрекет оның батыл қадамдарының бірі ғана.

«Мемлекет басшысы жергілікті полиция қызметін реформалау аясында құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы негізгі буын болып саналатын учаскелік полиция инспекторларының рөлі зор екенін атап өтті. Қалалық Полиция департаментімен бірлесіп, материалдық-техникалық базаны, учаскелік пунктерді, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту, учаскелік инспекторлар санын көбейту секілді тағы басқа жұмыстарды жалғастырамыз», деп жазды Жеңіс Қасымбек.