Сенат • 16 Желтоқсан, 2023

Тәуелсіздіктің қадірін білу маңызды – М.Әшімбаев

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев  Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Тәуелсіздіктің қадірін білу маңызды – М.Әшімбаев

«Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік күні – мемлекеттілікті нығайтатын, отаншылдықты арттыратын және ұлтты ұйыстыратын айшықты мереке. Сондықтан бұл датаның маңызы зор, мәні ерекше.

Егемендік – біздің ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізбегеніміз анық. Сол себепті, бүгінгідей қастерлі мерекеде біз азаттық жолында басын бәйгеге тіккен арыстарымыз бен еркіндік үшін етігімен су кешкен аға буынның рухына тағзым етеміз. Олардың ғибратты ғұмыры мен еңселі елдікке бастаған батыл қадамдарын кеңінен дәріптейміз. Бұл – таутұлғаларымызды мәңгі жадымызда сақтау және Тәуелсіздіктің қадірін жете түсіну үшін аса маңызды.

Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды реформалар іске асырылып жатыр. Оның бәрі Тәуелсіздікті сақтау, Қазақстанды өсіп-өркендеген, дамыған елге айналдыру және әділеттілік салтанат құрған мемлекет қалыптастыру сияқты маңызды міндеттерге табан тірейді», деді М.Әшімбаев.

Сенат Спикері елдігіміздің іргесін  нығайтып, еңсесін биіктету ынтымақ-бірлігімізге байланысты екенін айтты.