Спорт • 16 Желтоқсан, 2023

Ұлттық күрес ұлықталмақ

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында  қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды  Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және денешынықтыру істер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық күрес ұлықталмақ

Фото: https://turkystan.kz/

Айтулы додаға биыл 8 салмақ дәрежесінде  жоғары ұпай жинаған 64  балуан белдеседі.

Әлем чемпионаты, Азия біріншілігі һәм  әлем кубогі, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында  чемпион атанған, медаль олжалаған  Бекжан Төлепов, Марат Нигматуллаев, Бекет Жүніс, Ержан Еренқайыпов және Жұмажан Қожамбеков сынды  саңлақтар бар.