Үкімет • 18 Желтоқсан, 2023

Тиімді әріптестікті нығайту ТМД елдерінің басты бағыты – Премьер-министр

117 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәскеуде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысында сөз сөйледі.  Үкімет басшысы  Қазақстан интеграциялық байланыстарды тереңдету және оны жаңа практикалық мазмұнмен толықтыру үшін ТМД алаңында одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін айтты, деп  хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Тиімді әріптестікті нығайту ТМД елдерінің басты бағыты – Премьер-министр

Фото: primeminister.kz

«Мемлекеттер басшылары кеңесінің өткен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған басымдықтар ТМД форматындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған. Ең бастысы – туындаған сын-қатерлерді еңсеру, тиімді әріптестікті нығайту үшін жаңа бағыттар іздеу. Бүгінде Достастық елдерінің еріктілері өздерінің тынымсыз еңбектерінің арқасында толерантты қоғамның дамуына, қайырымдылық пен мейірімділік мәдениетін қолдауға елеулі үлес қосуды жалғастырып келеді. Достастық елдері еріктілерінің жыл сайынғы форумын өткізу және оған ТМД-ның тұрақты алаңы мәртебесін беру туралы біздің бастаманы іске асыру бойынша нақты жұмыстарды бастауға шақырамын», деді Ә.Смайылов.

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жайын қозғаған  Премьер-министр дене шынықтыру және спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Биыл мүмкіндігі шектеулі балалар арасында ТМД елдерінің спартакиадалары және ТМД чемпионаттарын өткізу үшін ұйымдастыру-құқықтық негізін құру аталған бағыттағы үлкен жетістік болып отыр.

«Қазақстан бұл жұмысты қолдайды және алдағы жарыстарға белсенді қатысуды жоспарлап отыр. «ТМД шеңберінде әзірленген денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық тетіктері кең ауқымды коронавирустық пандемияны еңсеруге ықпал етті. Сонымен қатар біздің елдер қазір тағы да кең таралған аурулармен бетпе-бет келіп отыр, оның ішінде қызылша індетінің өршуін ерекше атап өтуге болады. Осыған орай денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесті қоса алғанда, ТМД-дағы барлық өзара іс-қимыл тетіктерін жандандыруға шақырамыз», деді Үкімет басшысы. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек бойынша елдер коалициясын құруды ұсынғанын атап өтті. Бұл құжатты 2022 жылдың 14 қазанында Астанада өткен ТМД саммитінде қабылданған елдеріміздің басшыларының Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесін дамыту ретінде қабылдайтынын айтты.