Фото: kff_team_futzal. Инстаграм
Ел құрамасы А тобында. Қарсыластары – Румыния, Нидерланд, Әзербайжан.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Румынияны 4:3 есебімен ұтты. Сонымен қатар, екі мәрте Нидерландты 2:0, 2:0 және Әзербайжанды 4:2, 3:2 есебімен жеңді.
Бес турдан 15 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы көш басында келеді, бір тур бұрын әлем чемпионатының финалдық сатысына жолдама алған.
Нидерландта - 6, Румынияда - 4, Әзербайжанда - 4 ұпайдан.
Айта кетсек, ел құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдары ойнаған, 2021 жылы 4-орынға табан тіреген.