Апатқа ұшыраған көлік тізгініндегі жүргізушіге жолда кетіп бара жатқан полиция қызметкерлері көмекке келген. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі – Ресей Федерациясының азаматы жол қозғалысы ережелерін бұзбағанын, көлік қатты желдің салдарынан аударылғанын айтқан.
Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін ЖШС-лердің біріне жүгінген. Кюветтен ауыр жүкті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізген.