Инвестиция • 21 Желтоқсан, 2023

Іске асырылатын инвестициялық жобалар

124 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің (Инвестициялық штаб) кезекті отырысы өтті.

Іске асырылатын инвестициялық жобалар

Қатысушылар азаматтардың Қазақ­стан­ның жер қоры туралы ақпаратқа толық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған «Жылжымайтын мүлік­тің бірыңғай мемлекеттік кадаст­ры» (ЖМБМК) жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады. Жүйе аясында жер учаске­лерін берудің барлық үдерісі электрондық форматқа ауыстырылды. Бүгінгі таңда ЖМБМК арқылы 1 млн-нан астам қызмет көрсетілді, 238 мың кадастрлық паспорт берілді.

Жүйенің елдің инвестициялық тар­тым­дылығын арттыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Осыған бай­­ланысты орталық және жергілікті ат­қару­шы органдарға ЖМБМК-ны қажетті ақпаратпен сапалы түрде уақытылы толтырып отыру тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігі монополистер тарапынан ЖМБМК-ге дұрыс әрі сенімді мәліметтер беру үдерісін бақылауға алуы керек.

Сонымен қатар отырыста арнайы эко­но­микалық аймақтарды дамыту мәсе­лелері талқыланды. Роман Склярдың айтуынша, олардың әлеуеті әлі толық ашылмаған. Атап айтқанда, жаңа жобаларды тарту үшін қажетті инфрақұрылымды жүргізу бойынша жұмысты жандандыру керек. Мемлекеттік органдарға нақты шешімдер дайындау тапсырылды.

Оған қоса Инвестициялық штаб отырысында екі ірі инвестициялық жобаны іске асыру барысы қаралды.

Шығыс Қазақстан облысында «Қызыл­қайың» кен орнына жақын жерде жылына 25 млн тонна өнім шығаратын байыту комбинаты салынатын болады. Алдын ала бағалау бойынша жобаның құны 216 млрд теңгеден аспақ. 4 500-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде облыстың экономикалық әлеуетін дамытуға мультипликативті әсер береді.

Түркістан облысындағы Өгем өзенін­де су электр стансасының құбырын салу жөнін­дегі инвестициялық жоба ерекше стра­тегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысан­дарының тізбесіне енгізілген. Жоба­ның қуаты – жылына 110 млн м3 ауыз су және 72 МВт/сағ. электр энергиясы. Оны іске асыру өңірде энергия өндіруді ұлғайтуға, сондай-ақ 1 млн-нан астам тұрғынды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға осы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша проблемалық мәселелерді қысқамерзімде шешу тапсырылды.