Жыртқыш аңдар, тіпті, тұрғын үйдің аулаларына кіріп кеткен. Жергілікті тұрғындар қасқырларды суретке түсіріп алған. Олардың пікірінше, жыртқыштар орманнан келген.
Бүгін таңертең жұмысқа бара жатқан 3 адамға қасқар шапқан. Жараланған тұрғындар аудандық ауруханаға жүгінген.
«Зардап шеккен 3 адам аудандық ауруханаға келді. Барлығы амбулаториялық емделуге жіберілді, жараларды емдеп, өңдеген соң, екпе салынды», деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Ал, жергілікті полиция басқармасы жыртқыштарды құрықтаумен айналысып жатқанын жеткізді.
«Полицейлер ветеринария органдарымен бірлесіп жабайы жануарды жою бойынша шаралар қабылдап жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.