Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023

«Мені жарынан айырылған әйелдер ғана түсінеді». Қыз Жібек Төлегенін сағынатынын айтты

2988 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Актриса Меруерт Өтекешова Ақжайық телеарнасына берген сұхбатында марқұм жары, актер Құман Тастанбековті еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мені жарынан айырылған әйелдер ғана түсінеді». Қыз Жібек Төлегенін сағынатынын айтты

Актриса өнер мен өмірде бірге ғұмыр кешкен жарын әлі күнге дейін сағынып, іздейтінін айтады.

«Балаларым мен туысқандарым жанымда болса да, олар ағаңа жетпейді. Бәрі жан-жақтан менің көңілімді табуға тырысады. Бірақ бәрібір жүрек Құманды іздеп тұрады. Өзіме ең жақын адамдарым бұл дүниеде жоқ. Анам 92 жасқа жетіп дүние салса да, анамды жоқтаймын. Ата-енем, әке-шешем, бауыр етім балам, туған сіңлім кетті. Бәрін сағынамын. Олардың арасынан Құманның орны бөлек еді. Мені жарынан айырылған әйел заты ғана түсінеді. Өте ерте кетіп қалды. Айтылмаған әңгіме, ашылмаған сыр қалды арамызда», дейді Меруерт Өтекешова.