Қоғам • 24 Желтоқсан, 2023

2024 жылы қанша күн демалыс болатыны белгілі болды

951 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылы Қазақстан халқы 249 күн жұмыс істесе, 117 күн демалады,  деп хабарлайды Egemen.kz.

2024 жылы қанша күн демалыс болатыны белгілі болды

Келесі жылы жұмыс күндері ауыстырылмайды. Бес күн жұмыс істейтіндерге арналған күнтізбе: Жаңа жылда демалыс аз ай - сәуір, бұл айда 22 күн жұмыс, 8 күн демалыс болады. Одан кейін ақпан, бұл жолы ақпанда 29 күн болады, оның ішінде 8 күн демалыс, бірақ 21 жұмыс күні бар.

Қазақстандықтар наурызда аз жұмыс істейді. Бұл айда барлығы 17 жұмыс күні және 14 демалыс күні болады.

2024 жылғы ең ұзақ демалыс қаңтар және наурыз айларында болады. Жаңа жылға орай 2023 жылғы 30 және 31 желтоқсанды қосқанда, 4 күн демалыс болады. Наурызда Халықаралық әйелдер күніне орай қатарынан 3 демалыс күн және Наурыз мерекесіне орай 5 демалыс күн болады.

Шамамен 16 маусымда (нақты күнін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлі бекітпеген - еск.) қазақстандықтар Құрбан айтты тойлайды. Құрбан айт және православиелік Рождество сияқты діни мерекелер Қазақстанда демалыс күндері саналады, бірақ бұл екі күн де жаңа жылда жексенбіге сәйкес келеді.

Шілдеде Астана күні демалыс күніне сәйкес келуіне орай 3 демалыс күні күтіледі. Тамыз айында да Конституция күніне орай 3 демалыс күні болады. Ал қазан айында Республика күніне орай 3 күн, желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай 3 күн демалыс болады.