Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023

Аты аңызға айналған боксшы Серік Нұрқазов із-түзсіз жоғалып кетті

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі отандық танымал боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазовтың хабар-ошарсыз кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аты аңызға айналған боксшы Серік Нұрқазов із-түзсіз жоғалып кетті

Коллаж: Aikyn.kz

«Қоғам» еріктілер отряды ұсынған ақпаратқа сәйкес, 64 жастағы ер адам 14 желтоқсанда Алматыда жоғалып кеткен.

«Назар аударыңыз! Нұрқазов Серік, 04.10.1959 – туған күні. 14.12.2023 күні Луганск көшесіндегі өз үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, оның қайда екені қазірге дейін белгісіз. Киімі: сұр түсті қалпақ, көк түсті күрте, ақ түсті жейде, қара түсті джинсы шалбар. Ерекшеліктері: шашы – ақ түсті, сақалы бар.  Жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдар мына нөмірге хабарласса деп өтінеміз: +7 702 712 79 22 немесе @kogam_almaty», делінген хабарламада.

rt

Айта кетсек, Серік Төкенұлы Нұрқазов Қарағанды облысында туған.

Бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері. 1983 жылы Римде өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері. 1981 жылы Тамперада өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. 1983 жылы Варнада өткен Еуропа чемпионы. КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.

Алматы қалалық ПБ өкілдері қазіргі уақытта Медеу ауданының полиция басқармасы осы факт бойынша іздестіру ісін жүргізіп жатқанын хабарлады.