Фото: Әуежайдың баспасөз қызметі
«Рейстен бізді әуежай басшылығы күтіп алды. Ерекше қонақ боламыз деп мүлде ойламаппыз. Бұның бәрі баламның нәсібі шығар. Мың рахмет!», деді Б.Сейітқазиев.
«Астана халықаралық әуежайынан 2023 жылы Әзербайжан әуекомпаниялары, RedSea, AirCairo, MaviGok әуекомпаниялары тұрақты рейстер орындай бастады. Былтыр 6 миллион жолаушы қабылдасақ, биыл көрсеткіш 25 пайызға артып, елорда әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетіп жатыр», деді әуежайдың басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов.
Аталған әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, қараша айында Астана халықаралық әуежайы Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастаған. Инвестор ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізуді және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды жоспарлап отыр. Нәтижесі бойынша жолаушылар ағынын 14 миллионға жеткізу көзделген.
Астана әуежайынан тәулігіне орта есеппен 200-ден аса рейс орындалады. 11 айдың көрсеткіші бойынша жыл басынан бері 30 мың рейс орындалған.