Сенат • 26 Желтоқсан, 2023

Қаңғыбас иттер мәселесі қалай шешіледі? Сенаторлар тиісті заң жобасын талқылады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палата Төрағасының орынбасары Жақып Асановтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Жобалық кеңсесінің отырысы болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаңғыбас иттер мәселесі қалай шешіледі? Сенаторлар тиісті заң жобасын талқылады

Фото: Сенат

Қатысушылар шара барысында сенаторлардың бастамасы бойынша әзірленген заң жобаларына қатысты мәселелерді қарады. Депутаттар, атап айтқанда, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылады.

2023 жылғы 19 сәуірде Мемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңесте қаңғыбас иттер мәселесін шешудің маңыздылығы туралы айтқан тапсырмасы заң шығару бастамасының себебі болды.

Заң жобасында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қаңғыбас жануарлар проблемасын жануарға қамқорлық жасау және оған жауаптылықпен қарау арқылы шешу бойынша бірқатар ереже ұсынылды.