Фото: ҚР Ұлттық банкі
AI•KÚN коллекциялық монеталарының дизайны қарама-қайшылықтар бірлігі түсінігіне негізделген. Күн батылдық пен белсенділікті білдірсе, ай тыныштық пен шығармашылықтың символы ретінде бейнеленген.
Монета жоғары бедерлі, алтын жалатылған және екі жақты тотығу технологиясы қолданылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – antique silver, номиналы – 500 теңге, таралымы – 3 000 (үш мың) дана.
TÚIE – «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясымен шығып жатқан алтыншы монета. Оның дизайнында сақ стилінде бейнеленген жануардың натуралистік және трафареттік көрінісі біріктірілген.
Көшпенділер мәдениетінде түйе адамгершілік пен тәуелсіздік, күш-жігер мен төзімділіктің бейнесі саналады.
Монеталар 3 түрде дайындалды: 925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 25 oz (777,5 грамм), диаметрі – 100 мм, диаметрі 2 мм гауһар орнатылған, сапасы – proof, номиналы – 5 000 теңге, таралымы – 200 дана;
925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, диаметрі 1 мм гауһар орнатылған, сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 дана;
мельхиор (МН 25) қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – рrооf-like, номиналы – 200 теңге, таралымы – 10 000 (он мың) дана;
мельхиор (МН 25) қоспасынан, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 30 000 дана.
«Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады», делінген Ұлттық банк хабарламасында.