Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023

«Екі жыл қолқалады». Мейрамбек Бесбаев не үшін көкпар ұйымдастырғанын айтты

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Хабар» арнасының «Ұйқым келмейді» бағдарламасында қонақ болған әнші Мейрамбек Бесбаев биылғы атқарған жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Екі жыл қолқалады». Мейрамбек Бесбаев не үшін көкпар ұйымдастырғанын айтты

Фото: muzartkz

«Осы жылға өкпем жоқ. Бала күнгі арманым радио ашу еді, тілегіме жеттім. Жамбыл облысында жаппай көкпар ұйымдастырдық. Негізгі ұсынысты достарым жеткізіп, тіпті екі жыл қолқалады. Халықтың бата-тілегін аласың деген соң  нартәуекел дедік. Мыңға жуық шабандоз жүрді. Соншама адамның  арасында  оқыс оқиға орын алмаса екен деп уайымдадым. Көкпардың аттары өзгеше болады екен. Атқа қонғанда делебең де қозып, қаның ойнап шыға келеді. Ұлттық спортқа қосқан үлесіміз болсын деп осындай бата көкпар  өткіздік», деді әнші.

М.Бесбаев көкпар ойыны әлемдік деңгейде дәріптеуге болатын спорт түрі екенін айтты.