![Астанада ақтүтек. Жолдар жабылып, автобус қатынасы тоқтатылды](/media/2023/12/29/crop-3_6_594x793_764cd2172b361edd5d788845a4dec9c6.webp)
Астанада бұрқасын болып, жолдың көрінуі нашарлады. Қазгидромет мамандары желдің екпіні 28 м/с дейін жеткенін мәлімдеді.
«Астанадағы ақтүтекке байланысты:
- Астана – Петропавл (Астана – Щучье учаскесі)
- Астана – Қорғалжын тас жолы жабылды.
Қала маңына қатынайтын №305, 308, 309, 310, 312, 313, 315, 316, 327, 328, 329 маршруттары да тоқтатылды», деп хабарлады CTS компаниясы.