POLICE_of_KZ
«31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңажылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған. Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқаны» жазылған хабарламада.
Күдікті өртеп жіберген бас шырша «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің аумағына құрылған болатын.