Қаладағы №12-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өртпен айқасуға жедел жетіп, отты сөндіруге қызу кірісті.
«Өрт туралы хабар бізге 1 қаңтарда сағат 13.21-де келіп түсті. Араға 5 минут салып кезекші қарауыл оттың басына жетіп, адамдарды құтқаруға және өртті сөндіруге кірістік. Қазандықтан шыққан өрт пәтерлерге тарап үлгеріпті. Созылған төбеден шыққан улы түтін жоғары көтерілді. Кідірту мүмкін емес еді. Мен адамдарды екінші қабаттың терезесінен баспалдақпен құтқару туралы шешім қабылдадым. Барлық операция бірнеше минутқа созылды, өрт сөндірушілер Нұрсұлтан Шүңгілшин мен Ерлан Мұжықанов 7 адамды – 4 әйел мен 3 баланы құтқарды. Өрт 13 сағат 42 минутта құрықталып, 13 сағат 50 минутта толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», деді азаматтық қорғау бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Ерсұлтан Ақтан.
Өртті сөндіру кезінде қарауылдың жеке құрамы жанып жатқан пәтерден 27 литрлік газ баллонын шығарды. Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрді құрады. Үйде тұратын әділет аға лейтенанты Ғалымжан Байбусиннің сауатты іс-әрекеттерін атап өту қажет, ол өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті қолда бар құралдармен сөндіру әрекетін жасаған, ал өрт сөндірушілер келген соң адамдарды үйдің екі кіреберісінен эвакуациялауға көмектесті. Үй тұрғындары өздерінің құтқарушыларына алғыстарын білдіріп, өмірін сақтап қалуға және ең аз шығынмен өртті сөндіргені үшін ризашылықтарын білдіріп жатты. «Жігіттер жедел жетті. Өрт тез сөндірілді. Оларға көп рахмет!», дейді үй тұрғындарының бірі, 19 жастағы Кирилл Павлов.
Солтүстік Қазақстан облысы