Жемқорлық • 06 Қаңтар, 2024

Атырау облысында аудандық білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды

940 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алғаны үшін «Атырау облысы білім басқармасының Жылыой ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында аудандық білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды

Қазіргі таңда аталған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Атыраудың мамандандырылған тергеу соты мемлекеттік қызметшіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.