Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі
Ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды көшелер тазартылады. Бұдан соң қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумағы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар қардан тазартылатын болады.
Астанада 7-8 қаңтар аралығында 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2802 жүк рейсін құрайды. Ал жалпы қыс басталғалы бері елордада 1 436 205 текше метр қар шығарылған.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Астанада 8 қаңтар күні қалың қар жауып, кей уақытта боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады, түнде және күндіз 0-2 градус аяз болады.