Қоғам • 08 Қаңтар, 2024

Қазақстанда бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны өсті

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін елімізде бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 98 адам болған болса, қазір жалпы штат саны 242 адамға жетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны өсті

Фото: ашық дереккөз

Бұл республиканың әрбір облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімдерін ашуға мүмкіндік берді. Биыл Ұлытау және Жетісу облыстары бойынша бассейндік инспекция бөлімдері, сондай-ақ Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы бөлімдер қосылады.

Бұдан бөлек, жаңа Су кодексінде бассейндік инспекцияларға қадағалау функцияларын беру қарастырылған. Ал Кәсіпкерлік кодекс су ресурстарын басқару органдары жедел ден қою шараларын қабылдай алатын нормалармен толықтырылып жатыр.

«Қазақстанның су ресурстарын қорғау мәселесі күн тәртібінде тұр. Судың «қара нарығын» жою және оның пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету үшін біз бассейндік инспекциялар штатын арттырдық, сонымен қатар олардың материалдық-техникалық базасын жақсартуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар бізге мүмкіндігінше көп су айдындарын қамтуға мүмкіндік береді», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше