Әу бастан қойғандай-ақ баталасып,
Ауылдың ісмеріне болған нәсіп.
Ел түгел құрметтеген етікшілік –
Ескіден келе жатқан ата кәсіп.
Ешқашан ата салттан аттамады,
Етігім сақтиянды, саптамалы.
Шоңқайма, кебіс, мәсі-етікшінің
Көненің көзіндей қып сақтағаны.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ