Елорда • 09 Қаңтар, 2024

Астана әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізіледі

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әуежайының ұшу-қону жолақтарын күрделі жөндеуден өткізу жоспары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Астана әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізіледі

Қазақстан Үкіметінің Астана халықаралық әуежайын  басқаруға алған шетелдік инвесторға қойған бірден-бір маңызды міндеті – әуежайдың ұшу-қону жолағын жақын арада күрделі жөндеуден өткізу болатын. Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы салынғаннан бері ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтіп келеді. Елорда әуежайының ұшу-қону жолағы соңғы рет былтыр шілде-тамыз айларында күрделі жөндеуден өтті. 

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен өткен жиында әуежай басшылары аэродромды күрделі жөндеуге қазірден бастап қызу дайындық жүріп жатқанын айтты.

«Инвесторлар жобалық-сметалық құжаттаманы қаңтар-ақпан айларында талдап, ақпанның соңы мен наурыздың басында мердігерді анықтауды көздеп отыр. Алдын ала жоспарлар бойынша, мердігер наурыз айының ортасына дейін Астанада бар күшін жұмылдыруы керек. Инвесторлардың жоспары бойынша, егер ауа райы қолайсыздық тудырмаса, сәуір айының басына қарай аэродромда күрделі жөндеу жұмыстары басталуы керек. Алдын ала жоспар бойынша күрделі жөндеу жұмыстары 12 айға созылады. Дегенмен, әуежай күрделі жөндеу кезінде жұмысын жалғастырады. Ұшу мен қонуды тек күндіз ғана шектеуге болады», деп хабарлады Көлік министрлігі.