Фото: Polisia.kz
6 қаңтарда Астана қаласында логистикалық компания арқылы есірткінің ірі партиясын алу кезінде Павлодар облысының тұрғыны ұсталды. Одан автокөлікті тінту кезінде 4,8 кг мефедрон салынған 16 полиэтилен пакет, электронды таразы және 500 дана zip-пакет тәркіленді. Бір мезгілде Алматы қаласында есірткі жөнелтуші ұсталды. Оның пәтерін тінту барысында есірткі заты бар бес пластмасса контейнер, екінші деңгейлі банктердің төлем карталары, 1,3 млн теңге көлемінде қаражат және электронды таразы тәркіленді.
– Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.