Тағы 300-ден астам бұзақыға ескерту жасалып, жетеуіне айыппұл салынған. Енді жұдырық ала жүгіретіндерге жаза күшейеді.
«Былтыр тұрмыстық ұрыс-керіс салдарынан облыста 9 адам қайтыс болды. Оның бесеуі әйел болса, қалғаны ер азамат. Қайтыс болғандардың орташа жасы − 30 бен 45 жас аралығында. Қылмыстың көбі Петропавл қаласында жасалған. Статистикаға сүйенсек, отбасылық жанжалдың шығуына басты себеп жұмыссыздық және тұрмыстық жағдайдың төмендігі болып отыр», деді жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Әсия Әбжанова.