Маман • 10 Қаңтар, 2024

Жылыжай білікті мамандарға зәру

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауыл» партиясының фракция депутаттары алдағы күндері 17 өңірге баруды жоспарлап отыр. Сапар барысында Павлодар облысы бойынша бірқатар ауыл шаруашылығы нысаны мен кәсіпорындар, шахталар, зауыттар, ауруханалар қамтылмақ.

Жылыжай білікті мамандарға зәру

Мәжіліс депутаты, партия­ның фракция жетекшісі, «Ауыл» пар­­тиясының төрағасы Серік Егізбаев пен Мәжіліс депу­таты Николай Арсютин Екібас­тұздағы «Greenhouse Qaztomat» жылыжай кешенінің жұмы­сы­мен танысып, еңбек ұжы­мы­мен кездесті.

«Greenhouse Qaztomat» жылыжай шаруашылығы  2016 жылы пайдалануға берілген. Онда қы­за­нақ, баялды, қияр өсіріледі. Кәсіп­­орынның жылдық қуаты – 11 мың тонна. Өнімнің біраз бө­лігі импортқа жөнелтіледі. Кә­сіпорында бүгінде 500-ден астам қыз­меткер еңбек етеді, орташа еңбекақы – 185 мың теңге.

Партия төрағасы мұндай ке­шен­ді бірінші рет болып отыр­ғанын, барлық технологиялық жүйе заманға сай екенін атап өтті. Кәсіпорын бас­шы­лығы жы­лыжайға агроном маман­дар­дың жетіспейтініне алаң­дау­шылық танытты. «Көкөніс тұқымдары шетелден қым­батқа сатып алынады. Бұл мә­селелер ең әуелі шаруа­шы­лық­тың дамуы­на, екіншіден баға, карантин мәселесіне кері әсер етіп тұр», деді жылыжай өкілдері. Де­путат­тар кәсіпорын мәселе­лерін мем­ле­кеттік жауапты органдарға жет­­кізуге уәде етті.

 

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы