Оқиға 9 қаңтар күні сағат 17:17-де Жанғала-Чапаево тасжолында болған. Екі ауылдың арасындағы жолда Toyota Estima мен Hyundai Santa Fe көліктері соқтығысқан.
«Апат салдарынан бес адам қаза тапты, олардың жеке басы анықталып жатыр. Құтқарушылар мәйіттерді көліктерден шығарды», деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.