Денсаулық • 10 Қаңтар, 2024

Қызылша жұқтырған 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда қызылша жұқтырған 380-нен астам науқас тіркелді. Бұл республикалық көрсеткіштен де көп, дәлірек айтқанда 2,5%-ға жоғары, деп жазады Egemen.kz.

Қызылша жұқтырған 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: goldkeenkey.live

qazaqstan.tv хабарлағандай, қазір облыста қызылша жұқтырған 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың дерті асқынып кеткен.

Тағы 100-ден аса адам ауруханаларда емделіп жатыр. Алайда олардың көпшілігі - бала.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақта  вакцина қоры жеткілікті.