Заң • 10 Қаңтар, 2024

254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды

1134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті елдегі қылмыс пен тергеуге қатысты статистикалық деректерді жариялады, деп жазады Egemen.kz

254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды

Фото: Петр Карандашов

Комитет елде қылмыс 11 пайызға төмендегенін мәлім етті.

«Қазақстанда қылмыстың 11 пайызға (152 472 - 140 272) төмендеуі байқалды. Оның ішінде ауыр қылмыстар - 14,9 (44 106 - 37 548); ауырлығы орташа қылмыстар - 12,6 (67 340 - 58 874); онша ауыр емес қылмыстар - 4 пайызға (22 741 - 21 826) қысқарды. Аса ауыр қылмыстар 15,7 пайызға (2 241 - 2 593) өсті. Тергеуді қадағалау аясында прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты», делінген комитет хабарламасында.

Жарияланған статистикалық деректерге сай, прокурорлардың араласуымен 824 адамның қызметтік үй-жайлары (449)  изоляторлардан (375 ИВС) босатылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7 пайызға (578-ден 447-ге) қысқарды. 97 тұлға сот шешімімен ақталып шықты.