Руханият • 11 Қаңтар, 2024

Баланың тұсауын кімдерге кестірмеген дұрыс?

15697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұсаукесер − бала қаз тұрып, тәй-тәй қадам басқанда жасалатын ғұрып. Халқымыздың ежелден тұрмыста жіті ұстанып келе жатқан көне салты. Бұл үрдіс жаңа ғасырда да үзілмей жалғасын тауып келеді. Тұсаукесер рәсімінің түпкі мақсаты баланың өмір жолы ашық болсын, тағдырдың бұралаң жолында сүрінбесін деген ниеттен туған. Сондықтан бабаларымыз байырғы уақытта баланың тұсауын көлденең көк аттыға кестірмеген. Тіпті, белгілі бір адамдар тұсау кеспеу керек деп түйген.

Баланың тұсауын кімдерге кестірмеген дұрыс?

Фото: AB Productions

Бабалар бекіткен түсінік бойынша жасы келген, науқас, жүрісі сылбыр кісілер, тұрмыс құрмаған қыз, үйленбеген жігіт тұсау кеспейді. 

Үлкендер жағы ала жіпті байлап, бала жолының ашық болуын тілеп бата береді.

Ұл баланың тұсауын ісі тындырымды, бір сөзді ер адам кессе, қыздың тұсауын қимылы ширақ, мінезі көркем келіншек кеседі.

Тұсау кесуге арнайы дайындалған ақ-қара аралас есілген жіпті баланың алдынан, өткір пышақпен кесу керек. 

Халқымыз қайшының екі жүзі бар, бүлдіршіннің өмірі қарама-қайшылыққа толы болмасын деп тұсауды қайшымен кесуден сақтанған.