Спорт • 11 Қаңтар, 2024

Париж – 2024: Қаңтар айында өтетін лицензиялық турнирлер

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж Олимпиадасына осы ай мерзімінде қандай спорт түрлерінен жолдамалар сарапқа салынатыны анықталған. Сол жарыстар Қазақстан спортшыларының қатысуымен өтеді, деп жазады Egemen.kz

Париж – 2024: Қаңтар айында өтетін лицензиялық турнирлер

Фото: Michel Euler/The AP

Спортты дамыту дирекциясының мәлімдеуінше, осы күні Индонезия астанасы Джакартада нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған дода қаңтардың 18-іне дейін өтеді.

Ал қаңтардың 12-22 күндері аралығында Кувейттің Эль-Кувейт қаласында стенд атудан Азия чемпионатында алдағы Жазғы Олимпиадаға жолдама беріледі.

Сонымен қатар 20 қаңтарда WA нормативі бойынша спорттық жүруден Түркияның ашық чемпионаты байрағын желбіретсе, 27 қаңтарда Астана қаласында Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған әлемдік турнир болады.

Португалияның Одивалос қаласында осы айдың 26-28 күндері аралығында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында рейтингтік ұпай берілетін «Grand Prix Portugal» турнирі өтеді.

Семсерлесу шеберлері 12-24 қаңтар күндері Тунис елінде бәсекелессе, 29-31 қаңтар аралығында Катар астанасы Доха қаласында семсерлесуден гран-при өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15